378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық кәсіподақ ұйымдары кезектен тыс президент сайлауына дайындық үстінде

  • 116
  • UPD: 13:46, 21.04.2019

Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдары мен кәсіподақ ұйымдары кезектен тыс президент сайлауын қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дөңгелек үстел басына жиналған азаматтар саяси науқанға белсенді араласуға шақырды. Себебі дұрыс таңдау жасау – әр азаматтың міндеті. Бүгінгі таңда өңірде азаматтардың құқығын 16 салалық кәсіподақ ұйымы қорғайды. Олардың құрамында 133 мыңнан астам жұмысшы бар. Бірлестік мүшелерінің 38%-і жастар болса, шамамен екі мыңға жуығы – көп балалы отбасылар.

Ризабек Ибраев, кәсіподақтар ұйымының мүшесі:

– Халықты, барлық жұмыскерлерді сайлауға бірауыздан қолдау көрсетіп, қатысуын шақырамыз. Президент айтқандай, сайлау әділ, ашық, өткізуіне кепілдік берді.

Хабар 24 телеарнасы