378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына 5 адам келді

  • 129
Қостанайда Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына 5 адам келді

Қостанайда Nur Otan партиясының қалалық филиалында «Халыққа көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Оған 5 адам келді.

Бірі банкке қарыз болып баспанасынан айырылса, енді бірі бұрын әкімдіктен жалға берілген пәтерін жекешелендіре алмай әлек.

Партия мүшелері тиісті органдармен бірлесе отырып шиеленісті мәселені шешуге уәде берді. Ал қалған көп балалы үш отбасы материалдық көмек сұрай келген. Оларға сол жерде азық-түлік қоржыны берілді. Жыл басынан бері 168 отбасы азық-түлікпен қамтылып, 100-ге жуығына тегін отын таратылды. Жалпы облыс орталығы бойынша 730 көп балалы отбасы бар. Соның 300-ге жуығы тұрғын үйге зәру.

Ақбөпе Манатова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Бір көп балалы отбасыға кәсіпкерлер 3 бөлмелі үй сатып әперді. Және біздің Қобыланды батыр 37 үйдің 4-5 қабатында мемлекеттік жатақхана бар. Содан 2 бөлме бір көп балалы отбасыға, біреуі аз қамтылған отбасыға берілді.

Хабар 24 телеарнасы