379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жүзден астам отбасы әлі қоныстанбаған баспана үшін ипотека төлеп отыр

  • 176
  • UPD: 21:43, 23.04.2019

Петропавлда жүздеген отбасы көптен күткен пәтерлеріне кіре алмай отыр. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылған көп қабатты үйге әлі күнге дейін коммуналдық желілілер толығымен тартылмаған.

Алайда банкпен келісім жасаған тұрғындар қаңтар айынан бастап ипотекаларын төлеп келеді. Оның үстіне нысан өзгенің жеріне заңсыз салынған. 

Халық күнде ертең деп сендіріп келген әкімдіктегілердің уәдесіне әбден тойған. «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында бой түзеген үй негізінен былтыр желтоқсан айында тапсырылуы керек еді. Алайда коммуналдық желілер әлі күнге тартылмаған. «Оның үстіне нысан өзгенің жеріне заңсыз салынды»,-  дейді тұрғындар.    

Самат Мұстафин, қала тұрғыны:

- 10 гектардың ба иесі шығып қалды ғой. Ол иесі алды да сотқа берді акиматты. Ол акимат ЖКХ отчуждения земли істемеген. Отчуждения істеп ол кісіге ақша беру керек қой. Или мыннан пәтер беру керек. Акмиат бізге міне 20-шы май кіресіздер дейді. Қалай кіреміз? Мынау анық қой.Өздеріңіз көріп тұрсыздар ғой. Қалай кіреміз? Олардың уже шынын айтсақ тойдық обещаниеларына.

Вот схема наложений. Вот это вот мой участок полностью. Вот это наложенный дом. То есть одну трять участков они застроили.

Ал бұл сол учаске иесі Тимур Сәрсенбаев. Кәсіпкер әу баста 7 адамнан жалпы аумағы 18 сотық жерді жеке қаржысына сатып алған. Ал әкімдіктегілермен соттасып жүргеніне 2 жылдан асыпты.   

Тимур Сәрсембаев, учаске иесі:

- Үй өзгенің жеріне салынып жатқанын бірнеше рет ескерттім. Құрылысты сол кезде тоқтатулары керек еді. 21 қазандағы соттың шешімі де бар. Бірақ ешкім оған құлақ аспады. Бас прокуратураға да арыздандым. Олар арнайы тексеріс тағайындап, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады.

Мәселенің ақ қарасын анықтау үшін жер қатынастары бөліміне барған едік. Ал, мұндағылар біздің еш қатысымыз жоқ деп қысқа қайырды.

Жомарт Еркін, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

- Вы меня тоже правильно поймите. Как садили этот дом. Как это я могу знать? Например, я вам предоставил земельный участок, и вы его посадили на другой земельный участок. Я причем тут?

Бұл сұраққа құрылыс бөлімінің басшысы да тұщымды жауап бере алмады. Тек қала әкімінің кеңесшісі мән-жайды былай деп түсіндірді.

Абылай Сүлейменов, қала әкімінің кеңесшісі:

- Сату-сатып алу келісімшарттары дұрыс жасалмаған. Негізінен заң бойынша жекенің қарамағындағы жер учаскелері ол күнде толықтай мемлекет меншігіне өтуі керек еді. Сондықтан біз сотқа шағымданып отырмыз. Қазір мәселе қаралып жатыр.   

Жоба құны 1,5 милилард теңге шамасында. Көп қабатты үйден 144 отбасы пәтер алуға келіскен. Баспаналарына қоныстанбасада олар қаңтар айынан бастап ипотекаларын төлеп келеді. Ал әкімдіктегілер болса 20 мамырға дейін барлық мәселені шешуге уәде беріп отыр.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы