378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда алғаш рет электронды үкімет порталы пән ретінде оқытыла бастады

  • 177
Түркістанда алғаш рет электронды үкімет порталы пән ретінде оқытыла бастады

Түркістанда тұңғыш рет электронды үкімет порталы мектеп оқушыларына пән ретінде оқытыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардағы №22 жалпы орта мектебі еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып, электронды үкімет порталын жоғарғы сынып оқушыларына информатика пәніне қосымша ретінде оқытуды қолға алды. Сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орнының студенттеріне де оқыту міндеттеліп, сабақ кестесіне қосылатын болды. «Бұл мемлекеттік қызметті оңтайландырып, мекемелердегі кезек санын азайтуға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, тұрғындардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге, ең бастысы жастардың сауаттылығын арттыруға бағытталған», – дейді жауапты сала мамандары. Мемлекеттік қызметті оңтайландыруда электронды үкімет порталының алар орны ерекше. Сондықтан еліміз бойынша 752 мемлекеттік қызмет түрі болса, соның 506-сы электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады. Мәселен, «EgovKZBot» жүйесі арқылы 24, ал мобильді үкімет бойынша 61 қызмет түрі көрсетіледі. Демек қазір үйде отырып та барлық қызмет түрлерін пайдалануға болады. Ал әрбір оқушының сандық жүйені жетік білгені еліміз үшін пайдалы. 

Жанболат Қыдырәлі, қалалық №22 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы:

– «Egov» порталы арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ, қажетіңді алуға болады. Бұл халыққа да, қызметкерлерге де тиімді.

Ғалым Тұрсынбаев, ҚР МҚІСЖҚІА Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы:

– Біз білім басқармасымен келісімге қол жеткіздік. Мектепте 10-11-сынып оқушыларына электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді үйретеміз. Яғни тәжірибе түрінде қажетті анықтаманы алуды көрсетудеміз.

Хабар 24 телеарнасы