378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да мемлекеттік сатып алу саласында кемшілік көп

  • 124
  • UPD: 07:13, 25.04.2019
БҚО-да мемлекеттік сатып алу саласында кемшілік көп Егемен Қазақстан

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу саласында жыл басынан бері 1 миллиард 450 миллион теңгенің заң бұзушылықтары анықталған.

Соның ішінде 94 миллион теңге қаржы бюджетке қайтарылуы тиіс. Мұны Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тиісті тексерістері анықтап отыр. Орын алған олқылықтардың арасында Бөрлі ауданындағы заңға қайшы іс-әрекетті ерекше атап өтуге болады. Желтоқсан айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі Ақсай қаласындағы жаңа мектептерге қажетті жылу қазандықтарын алуға 86 миллион теңге бөлген. Қазына қаржысын игерудегі асығыстықтың салдарынан ақша желге ұшқан.

Виталий Пак, облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары:

- Тәуекелдерді басқару жүйесінен түскен дабыл бойынша аудитор жіберілді. Тексеріс барысында қаржының аударылғаны, алайда қазандықтардың жеткізілмегені белгілі болды. Сол себепті қаржы мемлекетке қайтарылуы тиіс. Жалпы, 2016 жылдан бері сатып алулар электронды форматқа көшті, 17 жылдан бері камеральды бақылау жүзеге асуда. Соның нәтижесінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар 15-20%-тен 5-6%-ке азайды.

Хабар 24 телеарнасы