379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жол сапасына жауапты жаңа орталық ашылады

  • 142
Елімізде жол сапасына жауапты жаңа орталық ашылады

Елімізде жол сапасын қадағалайтын жаңа орталық құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді мердігерлердің жұмысына бейтарап орган баға береді. Арнайы қызметке тек Ақтөбе облысының өзінде 25-ке дейін маман жұмысқа қабылданады. Бұл – елімізде төселіп жатқан асфальт жабындысының сапасын арттыруға бағытталған шара. Айта кету керек, биыл Ақтөбе облысында 500 шақырымға жуық жол жөнделеді. Бұл мақсатта 34 миллиард теңге қаржы бөлінген. Республикалық маңызды бағыттармен қатар облыс және аудан аралықтары да бар. Шенеуніктер 2025 жылға дейін өңірдегі жолдардың 90 проценті жаңаланады деп отыр. Ал сапа орталығы олардың қызмет ету уақытын ұлғайтуға септігін тигізуі тиіс.

Аязбай Османғалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі:

– Жылжымалы лаборатория болады. Бұрынғыдай шұңқырларды тесіп отырмаймыз. Қазіргі істеп жатқан мердігерлер бар, кім болса да кішкене тәртіпке келтіреміз деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы