378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалықтардың баспаналы болуына мүмкіндіктер көбейді

  • 113
  • UPD: 23:40, 29.04.2019
Ақмолалықтардың баспаналы болуына мүмкіндіктер көбейді astana.salexy.kz

Себебі, аймақта бірнеше әлеуметтік бағдарлама жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, жақында «Ақмола жастары» атты жергілікті жаңа жоба іске қосылады. Ол арқылы 600-ден астам жас отбасы пәтер алу бақытына ие болмақ. Сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен де биыл кезекте тұрғандарға 400 пәтер берілмек. Алдағы мамыр айынан бастап «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бастау алады. Бұл жоба арқылы аз қамтылған және көп балалы отбасылар, 10 процент алғашқы жарнаны ғана төлеп баспаналы бола алады. Ал жылдық үстемесі 2 процент қана.

Айта кетейік, аталған бағдарламалардың барлығында пәтерлердің шаршы метрі небәрі 120 мың теңгеден аспайды. Бұлардан бөлек, «7-20-25» бағдарламасы және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жобалары арқылы да қолжетімді бағада баспаналы болу мүмкіндігі қарастырылған.

Нұржан Әлібеков, банк филиалы директорының орынбасары:

- Біз қазір «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы құрылыс жүргізетін компаниялармен меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Шамамен 6-7 үй кезекте тұрғандарға шаршы метрі 120 мың теңгеден беріледі. Ал мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға келіскен құрылыс компанияларына Үкімет субсидия бөледі. Сондықтан оларда да қызығушылық болады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы