378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сессия қатысушылары: Ассамблея – бейбітшілік пен келісім институты

  • 176
  • UPD: 23:39, 29.04.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемде теңдесі жоқ, татулық пен бейбітшілікке сақтауға арналған бірегей институт.

Оның арқасында айрандай ұйыған 130-дан астам ұлт өкілі бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». «Енді осы этносаралық келісімдік сақтап қалу – қазақстандық қоғамның басты міндеттерінің бірі», – дейді Ассамблеяның бүгінгі сессиясына қатысқан азаматтар.

Динар Нөкетаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазіргі жаһандану кезінде, жан-жақта саяси, экономикалық, сауда саласында әртүрлі қақтығыстар, келіспеушіліктер болып жатқан кезде бізге тұрақтылық керек. Тұрақтылық арқылы интеграция, келісімге келісе отырып, талай жетістікке жетуге болатынын Елбасы әрдайым айтып отыр.

Яхия Қажы Абдуллаұлы, Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы:

- Ассамблея – рөлін әрі қарай жалғастырып, 25 жыл татулықты сақтап келе жатқан бірден-бір мектеп. Сондықтан осыны жалғастыру керек, уағыздау керек, басқа елдерге түсіндіру керек.

Жанғабыл Қабақбаев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары:

- Елбасының тәуелсіздік алғаннан бері ұстанған саясаты Қазақстанда рухани бірлік, тұтастықты сақтау еді. Бүгінгі сессия осыны тағы айғақтады. Сессияда түрлі аймақтан келген түрлі ұлттар сөйледі. Олар өздерінің сөздерін нақты дәлелдермен, дәйектермен келтіріп, Қазақстандағы татулық пен бірлік туралы ерекше әсермен айтып берді.

Хабар 24 телеарнасы