379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында 5 жарым мыңға жуық бала ерекше үлгідегі білімге мұқтаж

  • 135
Маңғыстау облысында 5 жарым мыңға жуық бала ерекше үлгідегі білімге мұқтаж

Ақтауда инклюзивті білім беру орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы №6 мектептегі бір сынып дамуы кешеуілдеген балаларға арналып, қайта жабдықталған. Бұл – қайырымдылық қоры мен еліміздегі Америка Құрама Штаттары елшілігінің бірлескен жобасы. Жалпы Маңғыстау облысында қазір 5 жарым мыңдай бала ерекше үлгідегі білімге мұқтаж. Оның 1800-ге жуығы – бүлдіршін, 3700-дейі – мектеп жасындағы оқушылар. Мұнайлы өлкенің 88-ге тарта мектебінде инклюзивті оқыту сыныптары бар. Бұларда 800 бала білім алады. Дегенмен аймақта әлі де ресурстық орталықтар қажет.

Асқар Сейдалиев, Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы:

– Облыс әкімінің жеті әлеуметтік бастамасы бар. Соған сәйкес 16 орталық ашылады.

Ланс Эриксон, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташе орынбасары:

– Қазақстанда ерекше білімді қажет ететін балаларға барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл іске Америка Құрама Штаттары да өз үлесін қосуға әзір. Оған инклюзивті білім беретін орталықтың бұған дейін Петропавл қаласында өз жұмысын бастауы дәлел. Енді Ақтаудан соң өзге де аймақтарда ашуды көздеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы