389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бойынша бес емханада ЭКҰ әдісі жасалады

  • 410
Қазақстан бойынша бес емханада ЭКҰ әдісі жасалады Бел.Ру

Қазақстандағы бес емхана экстракорпоральды, яғни жасанды ұрықтандыру әдісін қолданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір емдік шараның құны орта есеппен 1 жарым млн теңге тұрады. Бұл ретте мемлекеттен қаржылай қолдау бар. Оның игілігін жыл сайын 900-ге тарта отандасымыз көріп отыр. Үкімет бөлген квотаның арқасында бүгінге дейін бір мыңдай сәби осы тәсілмен дүниеге келген. Айта кетейік, 2010 жылы елімізде мұндай мүмкіндікке ие екі ғана клиника болатын. Қазір олардың саны беске жетті. Репродуктивтік технологиялардың даму деңгейі жоғары болуына қарай Қазақстанға әлемнің 50-ден астам елінен де бала сүюді қалаған жұптар келеді.

Хабар 24 телеарнасы