378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжан саясаттанушысы: Қазақстанда саяси күрес үшін тең жағдай жасалған

  • 149
  • UPD: 16:47, 30.04.2019

Сайлауалды науқанына Қазақстанның бүкіл саяси күштері қатысып отыр, бұл мелекеттегі ең жоғары билік лауазымы үшін күресте тең жағдай жасалғанын көрсетіп отыр.

Әзербайжан саясаттанушысы Фархад Мамедов осындай пікір білдірді. Осы сайлау қоғамды дамыту жолындағы нақты қадамдарды анықтайтын негізгі фактор болмақ. Қазақстан мен оның стратегиялық серіктестері үшін саяси сабақтастық маңызды. Өйткені ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген ынтымақтастықтың тиімді үлгілері және жүзеге асқан даму бағдарламаларын Қазақстан қауымы да, шетел серіктестері де қолдап отыр.

Фархад Мамедов, саясаттанушы:

– Сайлау алдағы бірнеше жылға Қазақстанның даму жолын анықтайтындықтан, оның маңызы зор. Сондай-ақ бұрынғы жылдары қабылданған тұжырымдамалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін нақты мақсаттар белгілеу мүмкіндігі туады. Бұл – негізінен Нұрсұлтан Назарбаев президенттігі кезінде әзірленген бағдарламалар. Олар соңғы бір жылда оның мақалаларында және мемлекет қабылдаған бағдарламаларда жарияланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы