378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 1800-ге жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып үлгерді

  • 197
  • UPD: 23:40, 02.05.2019

Елбасының жекелеген санаттағы азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағдарламасын халыққа түсіндіру үшін құрылған үкіметтік жұмыс тобы бүгін бас қаладағы Алматы ауданының көп балалы аналарымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Бердібек Сапарбаев еліміздегі көп балалы аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектің жүйелі түрде жүзеге асатынын жеткізді. Қазіргі уақытта көлемі ұлғайған атаулы әлеуметтік көмекті алуға республика бойынша 1 миллион өтініш түскен. Олардың 650-і комиссияның шешімімен тиісті көмекке мұқтаж екені анықталған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы 1800-ге жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алып үлгерді. Қала әкімі кездесуге жиналған аналарға жекелеген мәселелері де шешімін табатынын айтты.

Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Осы айдан бастап пәтер беру жұмысы басталды. Біздің мақсатымыз тек қана бюджеттен осы мамыр айында ең кем дегенде 1316 пәтер берілуі керек. Оның 51-і осы Нұр-Сұлтан қаласында. Біз енді ол жұмыспен әрмен қарай айналысамыз. Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлерімен, кәсіпорын басшыларымен кездесеміз.

Хабар 24 телеарнасы