378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда балалар «Бізге жеңіс керек» қойылымын тамашалады

  • 110
  • UPD: 14:06, 07.05.2019
Алматыда балалар «Бізге жеңіс керек» қойылымын тамашалады

Жеңіс мерекесі қарсаңында Алматыдағы Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында көрермендер назарына «Бізге жеңіс керек» атты музыкалық қойылым  ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спектакльге қала тұрғындарынан бөлек соғыс ардагерлері, мектеп оқушылары мен студенттер келді. «Жастарды көбірек шақырудағы мақсатымыз – сұрапыл соғыс жылдардағы қиыншылықтар мен ардагерлердің  ерліктерін кейінгі ұрпаққа көрсету. Отан үшін от кешкен батырларымызды жастар білуі тиіс», – дейді сол 1945 жылы құрылған театр әртістері.  

Мақсат Сахиұлы, актер: 

- Бүгінгі қойылым өте жоғары дәрежеде өтті деп ойлаймын. Музыкалық спектакль десе де болады. Өйткені сол кезде жазылған өлеңдер, сол кезде айтылған әндер – соның бәрі бұл спектакльде бар. Қазіргі жастарға керек деп ойлаймын. Өйткені ол естелік. Өйткені ол тарих.

Хабар 24 телеарнасы