387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрі Отан қорғаушы күнімен құттықтады

  • 456
  • UPD: 14:05, 07.05.2019
Қорғаныс министрі Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қарулы күштердің жеке құрамын Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол елордада өткен салтанатты шарада әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың жауынгерлік әзірлігіне жоғары баға берді. «Әсіресе «Айбалта» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында сарбаздар аянып қалмады», – деді министр. Сондай-ақ мереке қарсаңында еңбегі еленген бірқатар әскери қызметшіге арнайы атақ беріліп, марапатталды.

Данияр Темірбаев, медицина қызметінің полковнигі:

- Барлық қазақстандықтарды 7 мамыр мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына бақыт тілеймін!

Хабар 24 телеарнасы