378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда «Жеңіс лентасы» таратылып жатыр

  • 146
  • UPD: 15:08, 07.05.2019
Нұр-Сұлтанда «Жеңіс лентасы» таратылып жатыр

Елордада Отан қорғаушы күнінде «Жеңіс лентасы» акциясы басталды.

Еріктілер адам көп жиналатын нүктелерде астаналықтар мен қала қонақтарына қазақтың ұлттық ою-өрнегі бедерленген көк түсті ленталарды ұсынып жатыр. Мерекелік акция 2015 жылдан бері өткізіп келеді. Бастама өскелең ұрпаққа Отан үшін отқа түскен бабаларымыздың жауынгерлік ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегін насихаттауды мақсат етеді. Алдағы 3 күнде барлығы 100 мыңға жуық лента таратылады деп жоспарланып отыр. 

Шолпан Ыбыраева, қала тұрғыны:

- Мына жерде таратып жатыр екен. Өзіміздің Қазақстанның жеңіс жолағы. Өте әдемі екен. Енді осылай тағып жүреміз.

Хабар 24 телеарнасы