388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы көрмеге батырлар жайлы жазылған шығармалар қойылды

  • 396
  • UPD: 15:09, 07.05.2019
Елордадағы көрмеге батырлар жайлы жазылған шығармалар қойылды

Отанға қорған болған азаматтардың ерлігін дәріптеу – парыз.

Осындай атаумен ұлттық академиялық кітапханада Отан қорғаушылар мерекесі мен Жеңіс күніне аралған кітап көрмесі өтті. Көрмеге ел тыныштығын сақтауға өлшеусіз үлес қосқан батырлар жайлы жазылған шығармалар қойылды. Рухани көрмеге келген оқырманға баһадүр бабалардың айбынды ерлігі жайлы айтылды. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сынды қан майданында қару мен қаламды қатар ұстаған батырлардың өмірінен сыр шертілді.

Төрегелді Тұяқбай, ҚР ҰАК ғалым-хатшысы:

- Осынша ұлан ғайыр жерімізді ата-бабамыз бізге аманаттап қалдырғаннан кейін, тәуелсіз мемлекетімізді қорғап тұратын лайықты әскеріміз бар. Кейінгі жастарға жақсы патриоттық, отансүйгіштік тәрбие беру жолындағы маңызды кітап. Осының бәрін кітап арқылы кейінгі жастар оқып-біліп отыруы керек.

Хабар 24 телеарнасы