389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тылдағы Павлодар: 500 звено жұмыс істеді

  • 371
  • UPD: 08:27, 09.05.2019
Тылдағы Павлодар: 500 звено жұмыс істеді

Сұрапыл соғыс жылдары Ертіс өңірінде жеңіл және ауыр өнеркәсіптің дамуы қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол уақытта бірқатар зауыт-фабриканың негізі қаланды. Ресейдің Тула және Харков аймақтарынан мамандар келді. Бұл шағын құрылымдардың негізінде Октябрь зауыты ашылды. Кейінгі жылдары құйма өнеркәсібі бой көтеріп, трактор өндірісі де пайда болды. Салаға қажетті кадрлар Кеңес одағының түкпір-түкпірінен келді. Жалпы фронқа қажетті дүниелер ондаған зауыт пен фабрикада дайындалды. Жеңіс жолында тыл еңбеккерлерінің де зор үлесі бар. Барлығы майдан үшін шығарылды. Соғыстың алғашқы жылдары Ертіс өңірінен майданға 580 центнер астық, 440 центнер ет, 325 центнер картоп пен 25 мың литрден астап сүт жіберілген. Ал 1945 жылы Павлодарда одақтық және республикалық маңыздағы 80 жаңа кәсіпорын бой көтерді. Жалпы әскер қатарынан 46 мыңнан астам азамат аттанып, олардың тең жартысы оралмады.

Рүстембек Қалымқұлов, әскери даңқ музейінің маманы:

– Павлодар облысында соғыс жылдарында 500-700-ден астам звено құрылды. Олар ауылдық елді мекендерде егін егіп, барлығы соғыс үшін бидай-арпаларды жіберді. 

Хабар 24 телеарнасы