378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда соғыс жылдарындағы әндер шырқалды

  • 121
Алматыда соғыс жылдарындағы әндер шырқалды

«Ана туралы баллада», «Катюша» және соғыс жылдары өмірге келген өзге де тарихи әндер Алматы төрінде қалықтады. Мерекелік концертке жиналғандар көздеріне жас алып, әншілермен қосыла шырқады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы және Дегдар қоры ұйымдастырып отыр. Жалпы Дариға Назарбаеваның бастамасымен қолға алынған қайырымдылық концерті 18 жылдан бері өтіп келеді. Мерекелік кеште соғыс және тыл ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Консерваторияның үлкен залында Медет Шотабаев, Гүлзат Дәуірбаева, Тимур Орманшиев және басқа да танымал әртістер өнер көрсетті. Концерттің мақсаты – ардагерлерге сый-құрмет көрсетіп, олардың ерліктерін өскелең ұрпаққа дәріптеу. Сондай-ақ Тұңғыш Президент қоры соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек көрсетті.

Азамат Жылтыркөзов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Бұл концертті Қазақстанның түпкір-түпкірінде, облыстарында, кіші қалаларында, аудандарында да беріп жатамыз. Енді ол кісілерге қандай өзіміздің көмегімізді көрсете аламыз? Қандай жәрдем бере аламыз?

Хабар 24 телеарнасы