389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысынан майданға 90 мыңға жуық адам аттанған

  • 336
  • UPD: 12:18, 09.05.2019

Соғысқа Ақмола облысынан 90 мыңға жуық адам аттанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал олардың жартысынан астамы елге қайта оралмады. Аман-есен келгендердің өзі қазір арамызда аз. Мәселен, былтыр аймақта Жеңіс күнін 81 ардагер тойласа, биыл өңірде 50 майдангер бар. Ал Көкшетаудағы орталық алаңға мерекелік шараны тамашалауға олардың 10 шақтысы ғана жиналды.

Дамир Берікұлы, тілші:

– Көкшетауда бүгін Жеңіс күні орталықта екі жерде атап өтілуде. Ал халықтың қарасы қалың. Мәселен, Абылайхан алаңында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Одан бөлек, соғыс уақытындағы техникалар шеруі де өтті. Ал 9 бөлімнен тұратын қойылымда қан майдан бастан-аяқ сипатталған.

Қазір «Батырларға тағзым» шарасы өтеді. Оған жыл сайын тұрғындар қатысады. Себебі, Ақмола облысынан қан майданға 90 мыңға жуық адам аттанса, олардың жартысынан астамы соғыс даласында шейіт болған.

Көкшетаулықтар бүгін Жеңіс күнін осылай атап өтуде. Ал Көкшетаудағы мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады. Орталық алаңда соғыс жылдарындағы әндер шырқалады. Ал кешкі сағат 22:00-де мерекелік отшашу болады.

Хабар 24 телеарнасы