378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Майдан жолы» іздестіру жасағы Ленинград облысынан оралды

  • 90
  • UPD: 22:31, 09.05.2019

«Майдан жолы» іздестіру жасағы талай боздақ жер жастанған Ленинград қоршауынан оралды.

Павлодар электрлиз зауытының жұмысшыларынан құралған топ жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың қанды қырғындар болған жерлерге барып, қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздейді. Бұл жолы олар Ленинград облысына ат басын бұрды.

Бұл Ленинград қоршауындағы аты аңызға айналған Синявин биіктігі. Ақмолада құрылған 310-атқыштар дивизиясы майдан жолын осында бастады. Петропавлда жасақталған 314-дивизия да неміс басқыншыларына қарсы осы жерде соғысқан. Қызылжарлық әскери құрылымның сапында әу баста 11 мың сарбаз болса, соғыстан кейін олардың тек 3 мыңы ғана үйлеріне оралды.

Александр Шитов, «Майдан жолы» іздестіру  жасағының командирі:

- Біз бұл жерде 40 жауынгердің мәйітін таптық. Олардың бәрі бір шұңқырдың ішіне көмілген. Не дулығалары, не қару-жарақтары болмаған. Демек, мүрделері санитарлық тәртіппен жерленсе керек. 

Кеудесін оққа тосып, қайсарлықпен қаза тапқан қазақстандықтардың сүйегін 10 жыл бойы іздеп жүрген «Майдан жолы» жасағы Павлодар электрлиз зауытының жұмысшыларынан құралған. Айтпақшы, Синявино ауданында сұрапыл соғыс жылдары 4 мың керекулік отан үшін отқа түсіпті.

БЛИЦ

- Менің атам соғыстың алғашқы үш айының ішінде қаза тапты. Үйге тек оның қаза тапқаны туралы қара қағаз келген. Ал қалай мерт болғаны және қайда жерленгені белгісіз.

- Бұл іспен бізден басқа ешкім айналыспайды. Сондықтан күн-түн демей, қара суық пен аптап ыстыққа төзіп, іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз.

Қазақстандық жасақ майдангерлер мүрдесін металл іздейтін құрылғымен іздеп жүр. Отандастарымыз тапқан заттардың ішінде дулыға, оқдәрі, тіпті үтік те бар. Бұл жолы олар 1913 жылы шыққан Льюис пулеметін тапқан екен.

Ал бұл Эстониямен шекаралас Кенгисепп қаласы. Ұлы отан соғысының ең ұзақ қарулы ұрыстары осында өтті. Шаһарды азат екен 314-атқыштар дивизиясы. Осы аптада бұл қалада қазақстандық әскери құрылымның жуынгерлеріне ескерткіш қойылды.

Авторлары: Асхат Ниязов, Нургали Мамурбаев

Хабар 24 телеарнасы