378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жобасының келесі кезеңі жазда аяқталады

  • 114
  • UPD: 15:36, 10.05.2019
Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жобасының келесі кезеңі жазда аяқталады

Ақтаудағы жағажай инфрақұрылымын жаңарту кестеге сай жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туристер мен қала тұрғындары күнге қыздырынып, теңізге шомылуға баратын жағалаудың ұзындығы 11 шақырым. Қазіргі таңда 7-ші және 15-ші мөлтек аудан арасындағы жағажай толық абаттандырылды. Қалған бөлігін жаңартуға аймақ кәсіпкерлеріне ұсыныс берілген. Мұнда бірінші кезекте жаяу жүргінші жолдарын жөндеу күн тәртібінде тұр. Сондай-ақ қысқа мерзімде шаһардың көрікті орнына айналған «Жартасты соқпақ» жобасының келесі кезеңін осы жазда аяқтау көзделіп отыр. Бұдан өзге, облыстың сакральды орындарына да шетелдік туристердің қызығушылығы басым. Оларға тек былтырдың өзінде 1200-ден астам адам барған.

Қанат Жұмабаев, қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы:

- «Жартасты соқпақ» жұмыстары 2018 жылы сәуір айында басталған болатын. Ол осы шілде айына дейін 2019 жылы толықтай яхта-клубқа дейінгі жұмыстар аяқталып, нысан тапсырылатын болады. Жалпы, туризмді дамыту бойынша қаламызда 25 база бар. Бос орын жерлеріміз бар. Әрине, бұған бізге жеке кәсіпкерлерден ұсыныс түскен кезде, оған инфақұрылымын дайындауға жұмыстар жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы