378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды

  • 73
  • UPD: 15:34, 10.05.2019
Павлодарда азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Мерекелік дастарханға қажет ас мәзірі павлодарлықтар үшін арзан бағамен сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тауар өндірушілері 30 тоннадай азық-түлік түрлерін дәстүрлі жәрмеңкеге шығарған. Олар ет-сүт, нан-тоқаш бұйымдары, бал мен көкөністің кең түрін ұсынды. Өнімнің сапасы жоғары, бағасы өзге сауда орталықтарымен салыстарғанда 15-20 процентке арзан. Әдетте ауылшаруашылық өнімдері сенбі күндері саудаланатын. Жеңіс күніне орай жергілікті билік бұл жолы кезектен тыс өткізуге шешім қабылдапты. Жәрмеңкеге келгендер сондай-ақ мерекелік концертті тамашалады.

Ертай Қабылхақов, қала тұрғыны:

- Бағалары жақсы, өте қолжетімді. Жәрмеңке ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр ғой. Қуаныш болса да. Халықтың көңілінен шығып жатыр. Міне өзім алдым, өте арзан, ыңғайлы.

Хабар 24 телеарнасы