379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық оқушылар Түркістандағы киелі орындармен танысты

  • 127
  • UPD: 15:23, 13.05.2019
Астаналық оқушылар Түркістандағы киелі орындармен танысты

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары Түркістан өңіріндегі киелі орындарды аралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өлкетану экскурсиясын ұйымдастырған кәсіпкер елордалық лицей оқушыларының барлық шығынын көтеріп отыр. Түркістанға барған 13 бала 2 күн ішінде Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне, Қажымұқан Мұңайтпасов музейіне, Отырар қалашығы және өзге де тарихи орындарға барды. Мың жарым жылдық тарихы бар шаһарға алғаш аяқ басқан өрендер танымдық саяхаттан оралған соң қазақ хандары мен билері және батыр-абыздары жерленген Түркістан арқау етілген көркем шығарма жазулары тиіс.

Қуатбек Кемеңгер, оқушы:

- Дәл осылай болады деген ойда болған жоқпын. Осыншама көп зиялы қауым өкілдері жатқаны жайлы, көптеген кесенелер жайлы елестете де алған жоқпын. Тек Түркістан дегенде Қожа Ахмет кесенесі ғана есіме түсетін. Ал бүгін мұражайларға, әртүрлі кесенелерге барып, Арыстан бабтың басына барып, құран оқып, рухани жағынан байып келіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы