387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев университетінде «Total Energy» жазғы мектебі ашылды

  • 488
  • UPD: 23:13, 13.05.2019

Назарбаев университетінде «Total Energy» жазғы мектебі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда мұнай-газ, химия өнеркәсібі, қоршаған орта салаларында оқитын студенттер білімін шыңдайды. Жазғы мектеп халықаралық қатынастар, бизнес және басқару тақырыбындағы мәселелерді зерттеп жүрген студенттерді де шақырып отыр.

Мектеп энергетика саласын зерттейтін студенттер мен магистранттарға арналған. Мақсат – қазақстандық студенттердің теориялық және тәжірибелік білімін дамыту болмақ.

Паскаль Бреан, Total компаниясының Қазақстандағы бас директоры:

– Біз «Total Energy» сарапшыларын Нұр-Сұлтан қаласына арнайы шақырдық. Олар білімді инновациямен байланыстыра отырып, өз тәжірибесімен бөліседі. Энергетика саласында оқитын студенттердің осы бағытта терең білім меңгеруіне септігін тигізеді.

Жазғы мектеп «Тотал» компаниясының бастамасы болып табылады. Бұл идея 2018 жылы Қазақстан мен Франция сауда-өнеркәсіп саласы мамандарының кездесуінде ұсынылған. Содан бері жасыл экономика саласында жастарды демеп келеді. Жалпы «Тотал» компаниясы энергия қоры нарығында көшбасшылыққа ие.

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы елшісі:

– Францияның энергетикалық ресурстар және тұрақты даму саласындағы тәжірибес мол. Бұл семинарда жоғары білім жүйесінің қатысуымен баламалы қуат көзін дамытуды сөз етпекпіз. «Тотал» мамандарымен кәсіптік тәжірибе негізінде және ондағы нақты мысалдарды зерделеу көзделген.

«Total Energy» жазғы мектебі Назарбаев университетінде 17 мамырға дейін жалғасады. Баламалы энергия саласында білімін тәжірибемен ұштастырғысы келетін студенттерге есік ашық», – дейді жоба ұйымдастырушылары.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы