379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қарағанды-Теміртау» учаскесінде көлік айрықтарын салу 80% орындалды

  • 91
  • UPD: 11:45, 14.05.2019
«Қарағанды-Теміртау» учаскесінде көлік айрықтарын салу 80% орындалды saitevpatorii.com

Бүгінде Қарағанды облысы бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда «жол айрықтарын» салу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрылыс-монтаж жұмыстары №1 «Теміртау айналмасы», №2 «Қарағанды тас жолы», сондай-ақ екі деңгейлі «Доскей» жол айрықтарында атқарылуда.

Қазіргі уақытта «Қарағанды тас жолы» көлік айрығында жер төсемі орнатылуда. Нысанда 10 бірлік техника мен 46 адам жұмыс істеуде. Ал Қарағанды қаласының Шығыс айналма жолындағы екі деңгейлі №2 «Доскей» көлік айрығында мамандар 20 бағана орнатып, арматуралық қаңқаны құрастыруда. Аталған учаскеге 41 құрылыс-техникасы және 30 адам жұмылдырылған.

Қарағанды қаласының маңында салынып жатқан көлік айрықтарында бағдаршам қойылмайды, көлік қозғалысы үздіксіз қамтамасыз етіледі.  Сонымен қатар, көлік кептелісін жоюға және облыс орталығына іргелес елді мекендермен көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы