379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында саятшылық өнерді дәріптеп жүрген қазыналы қария тұрады

  • 120
  • UPD: 15:29, 14.05.2019
Алматы облысында саятшылық өнерді дәріптеп жүрген қазыналы қария тұрады

Алматы облысының Райымбек ауданында саятшылық өнерді дәріптеп жүрген қазыналы қария тұрады.

Бағашар Наурызбеков 83 жасқа келсе де ауылдастарына қыран салып, жүйрік ат пен алғыр тазы баптауды үйретіп жүр. 

Бағашар Наурызбековтың саятшылықты жанына серік еткеніне жарты ғасырдан асқан. Жасы сексеннен асса да ат шаптырып, қыран баптап, ит жүгіртеді. Аңға шықса қанжығасы бос қайтқан емес. Басындағы бөркі де бөрібасарларының олжасы. 2011 жылғы Құсбегілердің республикалық жарысында топ жарған ол қайраты қайта бастағанда бүркітін жіберіп, тазыларын ғана қалдырған екен.  

Бағашар Наурызбеков, Райымбек ауданының тұрғыны:

- Түлкіні ұстап, аузын буып, бір-екі рет ұстатсаң өзі ұстай береді. Суыр беру керек. Жаздай семіртіп, алып, күзге таман тамақтан тартасың. Әйтпесе семіздіктен жалқау болады. Итке талатпайды. Басқа иттерге қарағанда тазы деген текті болады.

Асхат Әділұлы Бағашар қарияның шәкірті. Оның атбегілікке ден қойғанына 8 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде сәйгүліктері аудандық, облыстық деңгейде өткен жарыстарда бірнеше рет бас жүлдені еншіледі. Кейінгі жылдары өзі де ізбасарларын дайындауды жөн көріпті. Бүгінде ат баптаудың алғышарттарын балаларына үйретіп жүр.   

Асхат Әділұлы, атбегі:

- Ең бірінші атты таза ұстап, тітіркендірмей күнделікті сипаудың өзі адамға деген сенімділігінің артуы. Одан кейін күнделікті тарап тазалап, отырсаң атты өзіңе сенімді дос болады. Қай жерге барсаң да ұятқа қалдырмайды.

Қазақтың қанына біткен саятшылық пен атбегілік атадан балаға мирас болып, күні бүгінге жетті. Бұл да ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы