378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Энергия өндіретін станциялар 6 млрд теңге қарыз

  • 81
  • UPD: 23:30, 14.05.2019

Елімізде бірқатар энергия өндіретін станциялар, жеткізілген газ үшін ірі ұлттық операторға шамамен 6 миллиард теңге қарыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімханов хабарлады. Оның айтуынша, борышкерлердің көбі Батыс өңірлердің кәсіпорындары. Атап айтсақ, Ақтау энергокомбинаты 3 миллион теңге көлемінде қарызға батқан. Оралдық «Жайық жылу энерго», ақтөбелік «Өзен жылу» мен жылу-энергостанциясы да жеткізілген отынға уақтылы төлем жасамаған. Қазір оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қарызды төлеу кестесі жасалып жатыр.

Сұңғат Есімханов, ҚР энергетика министрінің орнбасары:

- Өткен осы күзгі-қысқы кезеңде энергия желісінде ірі технологиялық бұзушылықтар болған жоқ. Әрине, тиісті технологиялық бұзушылық болып тұрады. Ол екінші деңгейдегі. 600-700 мың көлемінде жыл сайын болып тұрады. Жөндеу жұмыстары аяқталып қосылып отырды.

Хабар 24 телеарнасы