384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын

  • 519
БҚО-да көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын

Батыс Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары бел ортасынан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні бүгін өңір диқандары дәнді дақылдардың 46, майлы дақылдардың 56 процентін сеуіп үлгерді. Астықты алқаптардың жалпы аумағы 265 мың гектарды құраса, 65 мың гектарға майлы дақылдар егілмек. Ауылшаруашылық құрылымдары тұқымдық бидаймен, арзан жанар-жағармаймен толық қамтылған. Шаруаларға дизельді отынның әр литрі 165 теңгеден жеткізілген. Бұл – республика бойынша ең төменгі баға. Қуаңшылықтың жиі қайталануына байланысты соңғы жылдары шаруа қожалықтары егінмен қатар мал шаруашылығына да ден қойып отыр. Сол себепті мал азық және майлы дақылдар көлемі күрт көбейіп келеді.

Ұлықпан Мұхамедияров, шаруа қожалығының жетекшісі:

– Бидайдың соңғы кезде бағасы төмен. Сондықтан бидайды тек айналым үшін егеміз. Сосын күнбағысты Өзбекстанға, өзімізге май зауытына алады. Қара бидайды де егеміз.

Сағадат Жолдығалиев, Теректі аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:

– 128 мың гектарға егеміз деген жоспарымыз бар. Қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаздық бидайдың 80 пайызы отырғызылды. Биыл қыста қар көп болды.

Хабар 24 телеарнасы