378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте шомылу маусымы басталды

  • 83
  • UPD: 15:27, 16.05.2019
Шымкентте шомылу маусымы басталды

Шымкентте күн ысып, халық өзен-көлдерді жағалап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақыттарда су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы қыза түседі. «Сондықтан бақылау жасалмайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, ересектердің қарауынсыз балалардың суға түсуінің соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтырады», – дейді төтеншеліктер. Сала мамандарының мәліметінше, биыл 4 айда қала аумағында суларда жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Ал өткен жылы осы мерзімде Шымкентте 1 жас бала суға батып кеткен болатын. Жалпы Шымшаһарда 4 өзен-көл мен 4 су қоймасы, сондай-ақ 5 тоған бар. «Ал жазғы маусымда тынығатын 22 демалыс орнында аквасаябақтар да жетерлік. Олардың барлығына бақылау күшейтіледі», – дейді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Ерғали Бахаев, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:   

- Қаламызды екі үлкен өзен қақ жарып өтеді. Дегенмен біз басқа облыстармен мұны салыстыра алмаймыз. Қарапайым ғана шомылу ережелерін сақтаса, ешқандай қайғылы оқиғаға бармайды. Қарапайым деп айтқаным, біріншіден, нақты белгіленген жерде шомылу керек. Егер белгіленбеген жерде шомылса, лайға, басқаға батып кетуі мүмкін. Сосын ересектерге айтарым, жас балаларды қараусыз қалдырмауы керек.

Хабар 24 телеарнасы