378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жыл басынан бері 3600 нәресте дүниеге келді

  • 98
  • UPD: 15:23, 16.05.2019
Қызылорда облысында жыл басынан бері 3600 нәресте дүниеге келді

Бұл жолы Шиелі кентінің тұрғыны Жазира Ертаева бір күнде үш сәби сүйіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отбасының 3 жастағы тұңғышы Айарудан кейін туған үш қыздың есімін Айбибі, Айша, Ақнұр деп қойыпты. Отбасының ерекше қуанышымен бөліскен Шиелі ауданының әкімдігі оларға қоларба сыйға тартты. «Бірнеше күн бойы «Ана мен бала» орталығындағы дәрігерлердің бақылауында болған үшемнің денсаулығы жақсы», – дейді мамандар.

Айта кетейік, бұл – жыл басынан бергі Сыр өңіріндегі екінші үшем. Ал егіздер саны бүгінде 64-ке жетті. Мамандар өткен жылы облыста 3 үшем және 132 егіз туғанын айтады.

Жазира Ертаева, үшемнің анасы:

- Үшем екенін 12-апталығында білдім. Өте қуанышты болдық әкесі екеуміз. Қазір балалардың жағдайы жақсы. Өзімнің де жағдайым жақсы. Екі жақтан да егіздер бар. Менің әкемнің ең кішкентай қарындастары егіз.

Хабар 24 телеарнасы