378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда «Жасыл ел» жастар жасағы өз жұмысын бастады

  • 291
  • UPD: 10:05, 21.05.2019
Түркістанда «Жасыл ел» жастар жасағы өз жұмысын бастады

2004 жылы Елбасының бастамасымен жүзеге асқан жоба жыл сайын мыңдаған жалынды жастың басын қосып, жазғы мезгілде жұмыспен қамтып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы маусымда өңірдің аудан-қалаларынан 1300-ге жуық жас жұмысқа тартылады. «Жасыл елдік» өрендер Түркістанның көркеюіне атсалысады. Жасыл желектерді баптап, ағаштар мен гүлдерді суарады. Көгалдар мен көше бойындағы алаңдарды арам шөптерден тазартады. Жасақшылар осы маусымдағы еңбектері үшін 80 мың теңге көлемінде жалақы алады. Жұмыс күні дүйсенбі мен жұма аралығында болады.

Айта кеткен жөн, жас жұмысшыларға еңбек шарты мен жұмыс тәртібі түсіндіріліп, еңбек формасы тапсырылды. Енді олар бекітілген бағыт бойынша бөлініп, өз жұмыстарына кіріседі. Негізінен Есімхан алаңы мен Түркі бағы, Жеңіс саябағы мен қаланың басты көшелері және демалыс орындарын абаттандыратын болады.

Самат Әбубәкір, «Жасыл ел» жастар жасағының мүшесі:

- Жас жігіттер «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қосымша табыс көзі ретінде жұмысқа тартылып жатыр.. Сабақтан бос уақытында. Көбінесе студенттер қамтылуда. Бізде солардың бірі болып биыл осы жұмысқа тартылып, қосымша табыс көзі ретінде жұмысқа тұрудамыз. Қазіргі таңда жұмысымыз жақсы. Жастардың барлығының көңілі тоқ. Жалпы елімізге атсалысайық деген ниетпен осындай жұмысқа тұрдық.

Хабар 24 телеарнасы