383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадан көп балалы 18 отбасы Павлодар облысына қоныс аударды

  • 224
  • UPD: 15:23, 21.05.2019

Ұзақ жыл баспана кезегінде тұрған жандарға Екібастұз қаласынан арендалық пәтер берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шағын қаладағы баспананың шаршы метрі елордамен салыстырғанда едәуір арзан. 2-3 бөлмелі пәтерге айына 8 мың теңгеден төлейді. Арзан үй өз алдына, көшіп барған отбасылардың балалары балабақшаға кезексіз орналасады. Еңбекке жарамды мүшелеріне жұмыс тауып береді. Нұр-Сұлтан қалалық «Тұрғын үй қоры» мемлекеттік мекемесі мен Павлодар облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бірлескен жұмыстарды жалғастырады. Жалпы мамыр айының басында 17 отбасы Екібастұзға қоныс аударып, орналасқан болатын.

Әсем Саттарова, көп балалы ана:

- Бізге үш бөлмелі беріліп жатыр. Әкімшілік бізді шақырып, «Екібастұздан үй беріліп жатыр екен, келіңіз» деген соң қуана-қуана келіп, осылай тіркелдік.

Нұрсұлу қожахметова, Нұр-Сұлтан қалалық «Тұрғын үй қоры» КММ директоры:

- Бұл отбасылары біздің мекемеде үй кезегінде тұрған болатын. «Тұрғын үй қоры» баспанаға мұқтаж жандарға арнайы хабарлап, осындай жобаның бар екенін айтты. «Нұрлы-Ертіс» бағдарламасымен олар Екібастұз қаласына көшуге келісті. Көшіп барған отбасыларға барлық жағдай жасалады.

Хабар 24 телеарнасы