378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжірибесі жоқ жастар жұмысқа қалай орналасады?

  • 208
  • UPD: 10:52, 22.05.2019

Әлеуметті жұмыспен қамту.

Енді осы тақырып төңірегінде ой өрбітсек. Жетістіктер қандай? Шешімін таппаған тұсы ше? Мысалы, жұмыс берушілер тәжірибесі жоқ жастарды алғысы келмейді деген пікір бар. Қоятын талаптары да тым қатал деседі. 3 немесе 5 жыл еңбек өтілі болмаса, жас маманға кәсіп табу қиын. Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығына күніне ондаған жас келіп, өтініш білдіреді.

Назерке дипломды бір жыл бұрын алды. Содан бері тұрақты жұмыс таппай жүр. Туған жері Қызылорда облысында да біраз мекеменің есігін қаққан. ІТ саласының мамандарына сұраныс болғанымен, жұмыс беруші компаниялар тәжірибесі аз жастарды кері қайтарады.

Назерке Әлішер, қала тұрғыны:

- Ақпараттық жүйе мамандығы бойынша бітірген болатынмын. Яғни жұмыс іздеп жүргеніме үш ай уақыт болды. Қандай жұмыс орнына барсам да жұмыс өтілін сұрайды. Егер мен жұмыс жасамасам, менде қайдан жұмыс өтілі болады.

Назерке елордадағы жұмыспен қамту орталығына келді. Мамандығы бойынша кәсіп табудан үмітті.

Орталықта ұзын-сонар кезек. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсыруға келгендер көп. Назерке де электронды кезекке тұрған еді. Алайда жауапты мамандар оның қолындағы талонды бірнеше рет ауыстырды.

Назерке Әлішер, қала тұрғыны:

- Осымен үшінші рет келіп отырмын, екі рет қайтарып жіберді. Қайтадан сұрап жатырмын. Жүйе дұрыс болмады деді.

Қазір орталыққа келушілер саны 2-3 есеге артқан. Көп балалы аналар кезегін сағаттап күтіп отыр. Сондықтан қосымша үстелдер қойылып, мамандар тартылып жатыр.

Бибінұр Нұрғай, қала тұрғыны:

- Мен мұнда 10 жарымда келдім, база істемейді деді. Жастар тәжірибесімен жастарды орналастыру үшін база істемейді деді.

Назеркені жастар тәжірибесіне жолдама беретін маманға жіберді. Ол түйіндемесін мұқият қарап, жұмысқа орналасудың бірнеше жолын ұсынды.

Гүлжамал Үсенова, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

- Сол орындарға тізім берілді. Өзінің қалауы бойынша ең басында үш орын таңдай алуға мүмкіндігі бар. Сол үш орынға біз алғашында сұхбаттасуға жібереміз. Егер Назеркенің көңілінен шықса, өзі таңдаған жұмыс орнына біз ресми түрде жұмысқа жібереміз, жастар тәжірбиесі бойынша. 

Назерке Әлішер, қала тұрғыны:

- Екі ІТ компания таңдадым. Ақпараттық жүйе мамандығы бойынша. Жастар тәжірибесінен өтуге мүмкіндік бар. 

Назерке өзі таңдап алған мекемелердің бірінде 6 айлық жастар тәжірибесінен өтетін болды. Мамандар бас-аяғы 10 күннің ішінде орналастыратындарын айтты. Тәжірибе жинағаннан кейін сол жерде тұрақты жұмыс істеуге болады.

Дана Тұрғынова, қалалық жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы:

- Жастар тәжірибесі дегеніміз не? Ең алдымен бұл 29 жасқа толмаған. Қолында жоғары немесе орта білімі бар азаматтарды біз алғашқы тәжірибе жинауға 6 ай көлемінде тәжірибеден өткіземіз. Өткен жылы дәл осы бағдарламамен 836 жас өтті. Оның тең жартысы тұрақты жұмысқа орналасты.

Биыл елордалық 1000 жас маман жастар тәжірибесінен өтеді деп жоспарланған. Бүгінгі күні олардың бес жүзге жуығы түрлі мекемелерде тәжірибе жинап жүр.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы