383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда патрульдік полиция көліктері құтқару құралдарымен жабдықталды

  • 135
  • UPD: 12:43, 22.05.2019
Павлодарда патрульдік полиция көліктері құтқару құралдарымен жабдықталды

Кез келген оқыс оқиғаға бірінші болып патрульдік жасақ аттанады.

Сондықтан төтенше жағдайға тап болған азаматтарға шұғыл көмек көрсету үшін патрульдік көліктерді арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданған. Оның ішінде жедел жәрдем көлігінде болатын жиналмалы төсеніш, қоршаулар, арнайы жол белгілері, сол сияқты суға батып бара жатқан адамды құрқару құралдары бар. Әдетте суға түсу маусымы басталғанда жағдай күрделене түседі. Бұл бір жағынан «полицейлердің өмірі үшін де маңызды», – дейді сала басшылары. Жоба ішкі істер министрінің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып отыр. Өйткені азаматтарды құтқару кезінде полиция қызметкерлерінің өзі мерт болған оқиғалар бар. Арнайы құрал-жабдықтардың 5 жиынтығы алдымен Ертіс жағалауын қадағалайтын патрульдік жасаққа берілді.

Жасқайрат Қайыров, облыстық Полиция департаментінің ЖПБ басшысы:

- Мақсатымыз – бүкіл автокөліктерге беру. Тек Павлодар емес, облыс бойынша. Сол құрал-жабдықтар кісіні судан құтқару кезінде, өрттен құтқару кезінде қолданылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы