378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ұлт өкілдері «Күлтегін» жырын жатқа айтты

  • 120
  • UPD: 13:48, 22.05.2019
Қарағандыда ұлт өкілдері «Күлтегін» жырын жатқа айтты

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ғылыми-шығармашылық байқауда өзге ұлт өкілдері «Күлтегін» жырын жатқа оқып, жұртты таң қалдырды.

Түркі халықтарына ортақ көркем туындыда елдің ішкі бірлігі, ынтымағы, «көк түркінің көк семсері» атанған көрнекті әскери қолбасшының ерлігі жан-жақты баяндалады. Шараға қатысушылар сондай-ақ көне жырды түрлі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен де орындады. Бұл күні тұңғыш рет Моңғолия археология институтының мұражайында тұрған Күлтегін бабаның бас мүсінінің көшірмесі және Орхон бойындағы көне түркі ескерткіштерінде таңбаланған жазбалардан жинақталған әліпби жұртшылық назарына ұсынылды. Тек ұлттық мұражайдан көруге болатын жәдігерді Қарағанды жұртшылығы да тамашалауға мүмкіндік алды.

Ерлан Құсайынов, «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының тұсауы кесілген болатын. Негізгі мақсат – бұл мемлекет құраушы ұлттың төңірегінде топтастыру, жұртты жұмылдыру, ұлтты ұйыстыру. Қазақ халқының мәдениетін, тілін, дәстүрін дәріптеу, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру. Бүгінгі өткізілген конференция осының бір айқын айғағы деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы