378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда апаттан жараланған екі қазақстандық ауыр халде жатыр – ҚР СІМ

  • 241
  • UPD: 14:49, 23.05.2019

Италияда болған жол апатына ұшыраған бес қазақстандық туристің екеуі ауруханада жатыр, жағдайлары ауыр.

Қазіргі уақытта олар тиісті  ем-дом шараларымен қамтылған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, алдағы уақытта зардап шеккендерді елге әкелу үшін санитарлық авиация құралдары жұмылдырылмақ. Айта кетейік, қазақстандық туристердің демалыс мерзімі 26 мамырда аяқталады. Ал ауруханада жатқан азаматтардың визаларының мерзімін ұзартуға Сыртқы істер министрлігі барынша көмек көрсетуге әзір. Еске салсақ, жол апаты кеше таңғы уақытта Италияның Сиена - Флоренция магистралінің бойында орын алған. Туристерді тасымалдаған атвобус жолдың шетіне аударылып кеткен. Жолаушылар көлігінің ішінде болған 37 адам зардап шекті.                                                   

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Біреуінің үш омыртқасы сынған деген күдікпен жатыр, екіншісі үш қабырғасы сынған және түрлі жарақат алған деп. Кеше ақпарат болған бес азамат ауруханаға жеткізілді деп. Оның үшеуі жіберілді, қазір қонақүйге орналастырылды. Кешеден бері біздің консул солардың жанында, барлық көмек көрсетіп жатыр. Бақытына орай, барлық азаматтың өздерінің медициналық сақтандырулары бар.

Хабар 24 телеарнасы