380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚазҰУ студенттері «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» көрмесін тамашалады

  • 201
  • UPD: 22:50, 23.05.2019
ҚазҰУ студенттері «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» көрмесін тамашалады

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» атты жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасы өзінің алғашқы көрмесін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Діттегендері – елдің даму жолдарымен жастарды жақынырақ таныстыру. Көрмеге Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке және оған сыйға тартқан құнды заттары қойылған. Атап айтқанда, кітаптар, жоғары оқу орындары сыйға тартқан мантиялар, медальдар мен ордендер. Жастар арасында үлкен қызығушылық тудырғаны – АҚШ-тың бұрынғы президенті сыйға тартқан гольф доптары мен әлемге әйгілі спортшылардың Елбасыға тарту еткен кәдесыйлары.

Аружан Ізтілеуова, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ 2-курс студенті:

- Мен «Реал Мадрид» командасының жанкүйері едім. Бүгін жейдешені киіп, өзімді бақытты сезініп отырмын. Кішкентай кезімнен әкеммен бірге жарысып отырып қарайтынбыз. Бір ерекшелігі, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа берілген сыйлық болып табылады

Әмірхан Рақымжанов, Елбасы кітапханасының директоры:

- Жылжымалы жоба бойынша біз Таразға барамыз, Жамбыл облысына. Одан қалды Шығыс Қазақстан облысындағы университеттерге барамыз. Үлгеріп жатсақ, Павлодар өңіріне де барамыз.

Хабар 24 телеарнасы