380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулықтардың саяси науқанға дайындығы қалай?

  • 148
  • UPD: 15:39, 24.05.2019

Алматы облысында 2 млн-нан аса адам тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 1 млн 400 мыңнан астамы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу құқығына ие. Жетісулықтардың саяси науқанға дайындығы қандай деңгейде? Өңірде қанша сайлау учаскесі құрылған?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

– Алматы облысында президенттің кезектен тыс сайлауына дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша өңірдегі 1040 сайлау учаскесінің барлығы қажет құралдармен жабдықталған. Саяси науқанды бақылайтын комиссия мүшелері де анықталып отыр. Яғни 7 жарым мыңнан аса адам сайлаудың заңға сай өтуін қадағалайтын болады. Ал ертеңнен бастап сайлаушылар өздеріне қатысты мәліметті тексере алады. Тіпті тұрғындар қай учаскеге барып дауыс беретінін алдын ала білуіне жағдай жасалып отыр. Мұндай жаңашылдықтар туралы менің қасымда тұрған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов айтып береді. 

Тимур Дәуітов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Өңірде 20 колл-орталық құрылған және облыстық әкімдіктің сайтында «Сайлаушылар тізімінде барсыз ба?» атты қызмет көрсету жүйесі іске қосылды.  Бұндай мәліметті алу үшін жеке ЖСН енгізу керек. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалып отыр.

Осыған дейінгі сайлаулардың барлығында Алматы облысы сайлаушыларының 90 пайыздан астамы дауыс берген. Биыл да Жетісу жұртышылығы белсенділік танытып, өз таңдауын жасайды деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы