380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Қарағанды облысындағы жолдарды жаңарту жұмыстарын тексерді

  • 122
  • UPD: 20:32, 24.05.2019

Бұдан бөлек Үкімет басшысы Қарағанды облысындағы тас жолдарды қайта жаңарту жұмыстарына тексеріс жүргізді.

«Орталық-Оңтүстік», «Қарағанды-Балқаш», «Қарағанды-Теміртау» және «Қарағанды қаласының айналымы» бағыттарындағы қатынасты жақсарту жобаларының барысымен танысты. Қазір «Қарағанды – Балқаш» жолының 363 шақырым болатын бөлігінің құрылысы қарқын алған. Биыл осы жолдың 187 шақырымы, ал 2022 жылы толық қолданысқа беріледі деген жоспар бар. Ал, «Қарағанды қаласының айналымы» мен «Қарағанды-Теміртау» жобасының 80 проценті орындалды. Оған бір мыңдай адам, 400-ге жуық техника күші тартылған. «Қарағанды-Теміртау» жолының 61 шақырымы биыл тапсырылады. Төрт жолақты жаңа автобан 2019 жылдың аяғына дейін қолданысқа берілмек. Сондай-ақ Асқар Мамин өңірде қолға алынған «Ауыл- ел бесігі» жобасының  іске асырылу барысымен танысты. Аймақта 419 елді мекен бар, онда 291 мың халық тұрады. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен биылға 1,1 млрд теңге бөлінген. Бағдарлама шеңберінде бұған қосымша 2,7 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Білім, спорт, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен жолдарды жөндеу бойынша 26 жобаны іске асыру жоспарда.

Хабар 24 телеарнасы