378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да шалғай ауылдарға жол салынады

  • 232
  • UPD: 20:51, 24.05.2019
БҚО-да шалғай ауылдарға жол салынады

Батыс Қазақстан облысы республикалық маңыздағы жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуге 9 миллиард теңгеден аса қаржы бөлді.

Сол ақшаға биыл бірнеше күре жол қайта жаңғыртылады. Орынбор қаласына апарар жолдың Подстепное ауылынан бастап, ел шекарасына дейінгі 144 шақырым бөлігіне жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал шалғайдағы Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарына жеткізер жолдың құрылысы көп ұзамай басталады. Казталов ауылынан Жәнібекке дейінгі 143 және Өнегеден Сайқын ауылына дейінгі 103 шақырым жолды 2021 жылдың аяғына дейін салып бітіру жоспарда тұр.

Хамзат Сұлтанов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары:

- Биылға 2,6 миллиард теңге бөлініп отыр. Биылға бастапқы жұмыстар басталады. Ол мобилизация деген секілді, техникамен қамтамасыз ету. Одан кейін 10 шақырымдай басталады биылға.

Хабар 24 телеарнасы