378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

  • 161
  • UPD: 23:42, 24.05.2019

Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын бұл шара өңірде биыл алтыншы рет ұйымдастырылған.

Осы аралықта байқауға 600-ден астам отбасы қатысыпты. Биыл 90-ға жуық жанұя өзара сынға түсті. Үздіктерін анықтау барысында отбасы мүшелерінің жетістіктері, өмір сүру салты мен әулет дәстүрі назарға алынды. Соның нәтижесі бойынша «Өнегелі», «Парасатты», «Мерейлі» отбасылар аталымдарының жеңімпаздары анықталды. Соңғысы Федоров ауданынан Бублик әулетіне бұйырды. Енді олар республикалық денгейде облыс намысын қорғайтын болады.

Есет Бейсенов,  байқауға қатысушы:

- Бұл керемет бір бастама деп ойлаймын. Әсіресе жастарға өзіміздің көрген-білгенімізді, бар үлгімізді айтып, жақсылығымзды жариялап, осылай берік отбасы болсын, отанымыз берік болсын дейміз.

Хабар 24 телеарнасы