383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өтті

  • 207
  • UPD: 23:56, 24.05.2019

Өскеменде «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Оған аймақтағы барлық аудандардан 19 үміткер қатысты.

Байқау отбасылық құндылықтарды насихаттап, ынтымақ бірлігі жарасқан жанұяларды жастарға үлгі етуді көздейді.

Жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық сайыста өңір намысын қорғайтын болады.

«Мерейлі отбасы»  байқауына қатысушыларына еңбек, спорт, шығармашылық, интеллектуалдық  бағытты тең ұстаған үздік жанұялар қатыса алады.  Алайда ең басты шарт- шаңырақтың  бірлігін көрсету.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тұрғыда үміткерлердің бірінен бірі асып түскен.  Дегенмен, комиссия  бірауыздан Мұхаевтар  әулетін  жеңімпаз деп таныды.

Осылайша Жарма ауданы Жарық ауылынан келген отбасы топ жарды. Енді ынтымағы жарасқан Мұхаевтар Нұр-Сұлтан қаласына аттануға әзірленуде.

Наталья Мұхаева, «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы:

- Астанаға бару деген үлкен құрмет енді,оған біз жанұямызбен ансамбль құрып, Нұр-Сұлтан қаласына жақсы жетістікпен барамыз деп ойлаймын.

Ал 12 бала тәрбиелеп өсірген Черкашиндер отбасы екінші орынға тұрақтапты. Олар  «адам ұрпағымен мың жасайды» деген даналық сөзді берік ұстанады.

Евгения Черкашина, көп балалы ана:

- Бала біз үшін бақыт, олар біздің ең бағалы сыйымыз, жарқын болашағымыз. Солар үшін не қиындық болсын еңсереміз.  

Мерейлі ананың бұлай айтар себебі де бар. Қазір көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан  барынша қолдау көрсетіліп жатыр.

Әсем Нүсіпова, облыс әкімінің орынбасары:

- Барлық көпбалалы отбасының балалары жазғы демалыспен қамтылады.Жаңа оқу жылында мектеп формасы тегін беріледі. Мамырдан бастап балабақша ақысынан да босатылды.Сонымен қатар ондай отбасындағы жеткіншектер колледждерде тегін білім алуы үшін 3 миллиард теңге грант қарастыруды жоспарлаудамыз.

Атаулы әлеуметтік көмек  беру шаралары да белсенді жүргізілуде.Өңірде бұл қолдауға әзірге 6,5 мың отбасы ие болмақ. 

Авторлары: Эльмира Ахметова, Руслан Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы