384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай көрме ұйымдастырылды

  • 278
  • UPD: 12:30, 27.05.2019
БҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай көрме ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, деректі көрме ұйымдастырылып, жеке құрамның тарихшылармен кездесуі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрмеге репрессия кезінде жазықсыз жазаланған қоғам қайраткерлері туралы мәліметтер қойылған. Дегенмен сүргін кезінде сергелдеңге түскендер жайлы деректер әлі де аз. Орал өңірінде қанша адам атылды, қаншасы қамалды деген сауалға тарихшылар нақты жауап бере алмайды. «Себебі мұрағат құжаттарына әлі жол жабық», – дейді мамандар.

Дәметкен Сүлейменова, тарихшы:

– Тек оқып шығуға ғана рұқсат береді. Ал оқып шыққан нәрсені жазып үлгермесең, ол адамның жадынан шығып кетеді. Алаш қайраткерлері туралы, жалпы репрессияға ұшыраған адамдардың архивтерін қазір алып қалмасақ, оншақты жылда ол қағаздар үгітіліп кетеді. Ал одан кейін біз оны қаншама жарыққа шығарамыз десек те, шығара алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы