389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында құрғақ құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

  • 477
  • UPD: 14:40, 28.05.2019

Өнеркәсіп саласында неміс технологиясымен салынған гипсокартон зауыты импорт алмастыру бағдарламасына сай өз өнімін отандық нарықпен қатар ТМД елдеріне де шығаратын болады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жаңа ашылған зауыт жылына 124 мың тонна өнім өндіреді.  Кәсіпорын негізінен құрғақ құрылыс қоспаларының 10 түрін өндіруді көздейді. Серіктестік өкілдері болашақта қазіргіден 4 есе қуатты зауыт салуды жоспарлап отыр. Жалпы, бұл зауыт 2010 жылы ашылып, қаржы дағдарысы кезінде тоқтап қалған болатын. 

Дамир Мусин, менеджер:

- Бес жыл бойы тұрған, содан кейін 2019 жылдың басында, біз осы зауытты сатып алғаннан кейін қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын бастадық. Соның арқасында зауыт және бөлшектеу-сұрыптау бөлімі орналасқан кен өндірісі және авто техника жаңартылып, жаңадан алынып, іске қосылатындай қылып істедік.   

Бұл кәсіпорын жас мамандарды жұмысқа тарту, іскерлік қызмет,   қазіргі заманғы технологияларды игеру және компьютерлік бағдарлама, инновациялық ортаны керек ететіндей арнайы дайындықпен құрылған. Қазір еңбек етіп жатқан 82 адамның 90 проценті түгелдей жергілікті тұрғындар. Өйткені Индер ауданында құрылыс материалдарына қажетті кен орындары жетіп артылады.   

Хасан Қамешев, академик, жаратылыстану ғылымдарының докторы:

- Екеуінің қоры 50-60 жылға жетеді. Бұның болашағы көп. Одан басқа қазір жастарға жұмыс табылып жатыр. Сосын ауданның көркеюіне де үлкен бір әсері тиеді деп ойлаймын. 

Осындай серпінді жобалар Индер ауданының экономикалық дамуына үлес қосуда. Аудан басшылығы болашақта кенді өлкенің өнеркәсібін өркендетіп, аймақта индустриялық-инновациялық даму өрісіне шығару, өнеркәсіп салаларын әртараптандыру жолымен шикізаттан дайын тауар өндіру, сервистік-технологиялық экономика үлгісіне көшуді көздеп отыр.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Бекен Әлирахым, Қанат Елеуов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы