389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО-ға өнімін өткізіп жүрген кәсіпорын өндірісін үнемі жаңартып отырады

  • 183
  • UPD: 10:38, 29.05.2019

Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде өз орнын тапқан отандық өндіріс орындары аз емес.

Солардың бірі Қостанай облысындағы тенттік қаңқалы ангарлар шығаратын кәсіпорын. Оның өнімдері бүгінде Мәскеуден бастап, Владивостокқа дейінгі Ресейдің бүкіл аумағына тарайды. Бәсекелестікке төтеп беру үшін кәсіпорын мамандары өндіріске ұдайы жаңа технологиялар енгізіп отыр.

Кәсіпорын басшысы Алексей Аман жаңа қаңқалы ангардың тәжірибелі нұсқасын бізге мақтанышпен көрсетті.

Биыл қыста алғаш сынап көрген екен. Жарты бөлігі жарық түсетіндей ақ тентпен, жартысы қара түспен жабылған ғимарат іші қатты аязды күндері де өздігінен жылынады екен.

Алексей Аман, кәсіпорын басшысы:

- Тенттің арасында шахталы бос кеңістік бар. Мынау саңылауға желдеткіш орнатылады. Ол іштегі ауаны сорып, шахта бойымен жібереді. Өз кезегінде өз арнасымен қозғалған ауа күн сәулесімен жылынып, жоғарыда шығар тұста 30-40 градусқа дейін ысиды. Осылай ауа айналымы жалғаса береді.

Ангарды жылыту үшін тек желдеткішті айналдыратындай шағын күн батареясы болса жеткілікті.Еуразиялық одақ кеңістігінде өзін жақсы қырынан танытып үлгірген кәсіпорынның енді жаңа өнімімен халықаралық нарыққа шықпақ ойлары бар.

Николай Феленчук, жоба жетекшісі:

- Ғимараттардың құрастырмалы қаңқасын біз темірден емес,  шыныпластик трубалардан жасаймыз. Оған қажетті кварцты құм бізде жеткілікті. Және болат темірге қарағанда оның тиімділігі екі есе артық.Сондықтан  баға жағынан да, сапа жағынан да Еуразия аумағында бізге бәсекеге түсе алатындар сирек.

Алайда сол барымызды базарлай білеміз бе? Рас, соңғы жылда ұн, сұйық май, жарма, жұмыртқа сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқа сатылымы артқан.  Бірақ қалай десек те, Қазақстаннан экспортқа шығарылатын негізгі 10 тауардың 9-ы қазба байлықтар немесе оның өңделген түрлері. Іргеміздегі алып нарыққа дайын өніммен дендеп ене алмай отырғанымыздың  негізгі себептерінің бірі, контрафактілік  тауар айналымының күш алып бара жатқандығы –дейді сарапшылар. 

Игорь Аристов, Оңтүстік Орал сауда-өнеркәсіп палатасының бірінші вице-президенті:

- Егер біз экономикалық одақ, ортақ кедендік кеңістік  шеңберінде  өндірілген өнімдерді бірегей, сәйкестендірілген таңбалау нормасына  көшірсек, нарықты кеңейтуге жол ашылар еді. Сонда тауардың сапасы, басқа мәліметтер екі ел аумағында біркелкі айқын көрініс табады. Бұл сыртқы бәсекелестерге төтеп берудің бірден бір амалы.

Өткен жыл ішінде Қостанай облысының  Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Осының өз ортақ экономикалық кеңістіктің маңыздылығын айғақтап тұрса керек.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы