389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы жаңа кітап жарық көрді

  • 764
  • UPD: 15:28, 30.05.2019

Қуғын-сүргін құрбандары туралы жаңа еңбек жарық көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Департация тарихы» деп аталатын кітаптың үшінші жинағы бүгін елордада таныстырылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орайластырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияда тарихи деректер айтылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жазықсыз жапа шеккен ұлт қайраткерлерінің есімі ешқашан ұмытылмайды деді. Айта кетейік, кітапқа 1939 және 1945 жылдар аралығындағы құнды деректер топтастырылған. Онда «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген алаш қайраткерлерінің және Қазақстанға жер аударылған өзге де ұлт өкілдерінің өмір жолы жан-жақты зерделенген.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Қазір де қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарын еске алу мақсатында музейлер ашылып, ескерткіштер орнатылып, Алаш қайраткерлері туралы фильмдер түсірілуде. Олардың еңбектері зерттеліп жатыр. Бұл іргелі істердің бәрі Елбасының тікелей бақылауында. Сол жылдар қазақтың ғана емес, өзге де ұлттардың қасіретіне айналды. Күрделі кезеңдерде қазақ топырағына тұтас халықтар жер аударылды. Өздерінің ауыр жағдайына қарамастан, қазақ халқы көптеген ұлыс өкілдерін бауырына басты. Күшпен жер аударылған бірқатар этностың өкілдері бүгінгі таңда біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналды. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, елдігіміз бен берекеміздің бекем болуына сол отандастырымыз да атсалысып отыр.

Мұхамед Жылкелдиев, ҚР Президенті архиві құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының басшысы:

– Қазақстан жеріне италиялықтардың да қоныс аударғанын көпшілігі біле бермейді. Іздестіру жұмыстары барысында Керч жарты аралында тұратын италиялықтар 40 жылдары Ақмола облысына қоныс аударғанын білдік. Біз олардың ұрпақтарымен байланысып, ол кісілер жинаққа естеліктерін берді.

Хабар 24 телеарнасы