389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада «100 жаңа есім» қатысушылары жетістікке жетудің сырымен бөлісті

  • 359
  • UPD: 14:54, 31.05.2019
Қызылордада «100 жаңа есім» қатысушылары жетістікке жетудің сырымен бөлісті

Бизнес бастау мен жетістікке жетудің жолы қандай?

Қызылордада «100 жаңа есім» жобасына қатысушылар осындай сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24». «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кездесу TedTalks форматында өтті. Шараның қонақтары табысты кәсіпкер Айдос Сайлығараев пен балалардың дамуына пайдалы мультфильмдер шығарушы Сымбат Әбдірахманова болды. Ал тыңдармандардың басым бөлігі жастар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесудің басты мақсаты – жастарды білім мен еңбекке баулып, құлшынысын арттыру.

Сымбат Әбдірахманова, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы:

- Жетістікке жетудің басты құпиясы еңбекқорлық деп ойлаймын. Еңбектен қашпасаң, кез келген дүниеге жетуге болады. Мен жастармен кездесуде бір жастың болсын өміріне кішкене себеп, ұмтылыс бере алсақ, соның өзі бүгінгі шараның мақсатына жеткені болар еді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы