384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Репрессия жылдары Қазақстанға Армениядан 27 мың адам жер аударылған

  • 493
  • UPD: 14:50, 31.05.2019

Арменияда 1921-1953 жылдар аралығында 47 мың адам түрлі қуғын-сүргінге ұшыраған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында армян, орыс, күрт, әзербайжан ұлтының өкілдері бар. Сондай-ақ танымал әдебиеттанушылар, жазушылар мен партия мүшелері де болды. Және басым бөлігі жазаларын Қазақстан аумағында өтеген. Атап айтқанда, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері әрі публицист Гурген Маари, белгілі армян ақыны Егише Чренцаның жары Изабелла Назова және тағы басқалар бар.  Этнограф Грануш Харатянның дерегі бойынша, 1989 жылдары жазықсыз жазаланғандардың тек үштен бір бөлігі ғана ақталған.

Грануш Харатян, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Біздің дерегіміз бойынша, тек Арменияның өзінен Қазақстанға шамамен 27 мың адам жер аударған. Негізінен армяндарды бүкіл Кеңес аумағына репрессиялады. Әзірге қолымызда қуғынға ұшыраған армяндардың жалпы саны туралы мәлімет жоқ. Бірақ оның орнын толтыруға тырысып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы