387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Әлемде бірде-бір халық қазақ халқы сияқты демографиялық ахуалды бастан кешкен жоқ

  • 472
  • UPD: 12:44, 31.05.2019
Елбасы: Әлемде бірде-бір халық қазақ халқы сияқты демографиялық ахуалды бастан кешкен жоқ imgame.kz

Президент Телерадиокешені қазақстандықтардың назарына ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қуғын-сүргін жылдары туралы айтқан сөздерін еске түсіретін бейнеролик ұсынды.

Бүгін Қазақстан өзінің тарихындағы ең қайғылы оқиғаларының бірі - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтуде.

Осылайша, жыл сайын 31 мамырда xалқымыз нәубет жылдары құрбан болған туыстары, бауырлары және достарын еске алады. Бұл Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие күн. Қайғы-қасірет қақпасы арқылы біз қайта алаңсыз бейбіт өмірге ораламыз. Ендігі парызымыз – бүгінде жетіп отырған құндылықтарымызды бағалай білу, оған жету жолында құрбан болған боздақтардың ерлігін ұмытпау.

«Әлемде бірде-бір елдің, бірде-бір халықтың қазақ халқы сияқты демографиялық ахуалда мұндай күйреушілікті бастан кешпегенін және толық жойылып кету қаупі туындамағанын түсінуге болады. Біз тірі қалдық, топтаса білдік, қатыгезденген де жоқпыз, өшіккен де жоқпыз, ХХ ғасырдың қатаң қасіреті үшін ешқашан ешкімді кінәлаған да емеспіз», - деді Елбасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін Қазақстан өзінің тарихындағы ең қайғылы оқиғаларының бірі - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтуде. Осылайша, жыл сайын 31 мамырда xалқымыз нәубет жылдары құрбан болған туыстары, бауырлары және достарын еске алады. Бұл Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие күн. Қайғы-қасірет қақпасы арқылы біз қайта алаңсыз бейбіт өмірге ораламыз. Ендігі парызымыз – бүгінде жетіп отырған құндылықтарымызды бағалай білу, оған жету жолында құрбан болған боздақтардың ерлігін ұмытпау. ⠀ Сегодня Казахстан отмечает один из самых печальных страниц своей истории— день памяти жертв политических репрессий. Таким образом, ежегодно 31 мая жители страны вспоминают своих родных и близких, которые были осуждены или расстреляны. Народ Казахстана бережно хранит память о миллионах соотечественников, пострадавших от политических репрессий. Теперь наш долг-ценить и беречь мир и не забывать о подвиге погибших солдат.

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Хабар 24 телеарнасы