389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрар Рысқұлов жайлы жаңа деректі фильм түсіріледі

  • 323
  • UPD: 19:31, 31.05.2019
Тұрар Рысқұлов жайлы жаңа деректі фильм түсіріледі

37-нің дүрбелеңінде Жамбыл облысында 5 мыңнан астам адам жазалауға ұшырап, 900-ге жуығы жазықсыз атылды.

Олар тек 1953 жылдан бастап ақтала бастады. Ал 297 партия қызметкерінің 40 жылға жуық уақыттан кейін ғана кінәсіз екені анықталыпты. Бұл құжаттар қазір қорда сақтаулы тұр. Нәубет жылдарында солақай саясаттың құрбаны болған ел азаматтары мен түрлі ұлт өкілдерінің бастан өткерген қасіреті – бүгінгінің есінде. Әулиеата жұртшылығы жиылып, жазықсыз «халық жауы» атанып қаза болған бабалардың рухына тағзым етті. Ескерткіш маңына гүл қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Айта кету керек, тақауда Тұрар Рысқұлов жайлы жаңа деректі фильм түсірілмек. Бұл туынды тарихи тұлғаның 125 жылдығына орай жарыққа шығады.

Дәурен Бағжанов, жоба продюсері:

– Қазіргі таңда осы жобаның сценарийі дайын тұр. Жобаны іске асыру үшін біз авторлық құқықты тіркеуіміз керек. Ол жұмыстар қазір жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы